Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді
Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді.
Жаңалықтар
Астана, Қазақстан
Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді
2024 жылғы
https://x.com/aqorda_press/status/1825822477571748058
Президент елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ошақтарына барды.
https://x.com/aqorda_press/status/1825822477571748058
Мемлекет басшысы Астана қаласының Есіл ауданындағы №103 мектепке барып, заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу кабинеттерін аралап көрді.
https://x.com/aqorda_press/status/1825822477571748058
Президентке оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау жаңа мектептердің басты ерекшелігі екені айтылды. Білім ордасының аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Ол үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары жеке-жеке блоктарда білім алады, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасалған.
Қазіргі кезде мектептің ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып қалды. Сонымен қатар жиһаздар мен құрал-жабдықтар орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының «Нұра» ауданындағы №101 мектепті аралап көрді. Аталған білім ордасында екі ауысымда 4 мың оқушы жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқитын болады.
Мемлекет басшысы мектептің оқу және шығармашылық кабинеттерін, сондай-ақ спорт және акт залдарын аралады.
Президентке жаңа мектептің мүмкіндіктері, атап айтқанда, оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту, цифрлық технологияларды зерттеу, жасанды интеллектіні қолдану, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру, оқу бағдарламасы мен роботты техниканы үйлестіру бағыттары жайында мәлімет берілді.
https://x.com/aqorda_press/status/1825822477571748058
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың орта білім беру саласын дамыту туралы баяндады. Сондай-ақ ол «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 24 оқу ошағы салынып жатқанын айтты.
Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылына дайындық жайында есеп берді. Бүгінде республика бойынша 536 мың оқушыға арналған 302 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал 220 мың оқушыны қамтитын 280 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1,7 миллион бала тегін тамақпен қамтылады.
Кері қайту Кері қайтуTwitter Facebook
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-astanadagy-birkatar-zhana-mektepti-aralap-kordi-207338
https://x.com/aqorda_press/status/1825822477571748058
«Астана», «Жайлы мектеп», «Қазақстан, аралап, басшысы, бірқатар, жаңа, жаңалықтар, көрді, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қасым-Жомарт Тоқаев Астана, мектепті, Мемлекет, Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді, Президент елордада